Бағдарламаға сәйкес, Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған балалар арасында бөлінеді.
фото: Пресс-служба акима Алматы
ERNUR.KZ. "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша тұрғын үй және білім алуға 46,8 млн доллардан астам қаржы аударылды, деп жазады sputnik.kz.
БЖЗҚ 2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап 273 371 өтінішті орындады.
"Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 29,40 млн АҚШ долларына 171 696 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 17,43 млн АҚШ долларына 101 675 өтініш қанағаттандырылды", - деп жазылған қордың хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары бөлінді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын.
Бағдарламаға сәйкес, Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған балалар арасында бөлінеді.


