"Қауіптің ең жоғары деңгейі": Таиландта нөсер жаңбыр тұрғындарды тығырыққа тіреді

0
98

Пхукет қаласының билігі нөсер жаңбыр мен көршілес аудандардан келген су Банг Яй каналындағы су деңгейін күрт көтергенін мәлім етті.


Фото: inform.kz

ERNUR.KZ. Жауын-шашын жалғаса берсе, тұрғын үйлерді де жаппай су басуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

The Nation басылымының жазуынша, Таиланд әкімдігі нөсер жаңбырға байланысты қауіптің ең жоғары деңгейі жариялауға мәжбүр.

Таиланд метеорология департаменті елдің оңтүстік жағалауының 70 пайыз аумағында найзағай ойнап, Пхукеттің кейбір ауданында қатты нөсер жаууы мүмкін екенін болжайды.

Ал Таиландтың Су ресурстары жөніндегі ақпараттық институты Пхукетті қоса алғанда, елдің 10 провинциясындағы жағдайды жіті бақылау қажет екенін қатаң ескертті.

Билік тұрғындарды ресми ескертуге назар салып, сақтық шараларын ұстануға шақырып отыр. Сонымен қатар, шағын кемелердің иелеріне теңізге шықпау туралы хабарлама берілген.

Жаза кеткен жөн, қыркүйек айында Таиландта болған ауқымды су тасқынынан 8 адам жан тапсырды. Табиғи апат елдің ондаған провинциясын, тіпті Бангкокты да қамтыды. Қаладағы барлық 50 аудан апат аймағы деп жарияланды.