2025 жылдың соңында Жоғары аудиторлық палата Ұлттық банктің жұмысын тексерді.
Фото: nationalbank.kz
ERNUR.KZ. Ұлттық банк қызметкерлерге берілген сыйақы мөлшерін атады, оны қайтармағаны үшін реттеуші төрағасының орынбасары Әлия Молдабековаға айыппұл салынды, деп жазады tengrinews.kz.
Сөз қандай сома туралы болып отыр?
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, сөз қызметкерлер алған 150 мың теңге көлеміндегі сыйақылар туралы болып отыр.
"Менің түсінуімше, жағдай 2023 жылға қатысты. Ол кезде қызметкерлердің кейбір функциялары іс жүзінде орындалғанымен, лауазымдық нұсқаулықтарда жазылмаған болатын. Соның негізінде оларға 150 мың теңгеден сыйақы төленді. Алайда кейінірек құжаттарда тиісті міндеттер болмағандықтан, бұл заңбұзушылық деп танылды. Біз лауазымдық нұсқаулықтарды түзетіп, барлық ішкі құжаттарды сәйкестендірдік", – деп түсіндірді Тимур Сүлейменов.
Аудиторлық тексеріс не көрсетті?
2025 жылдың соңында Жоғары аудиторлық палата Ұлттық банктің жұмысын тексерді. Аудиторлар реттеушінің өз активтерін қалай жұмсайтынын және қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қалай басқаратынын бағалады.
Тексеріс қорытындысы бойынша аудиторлар міндетті нұсқама берді. Оған сәйкес, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін алтын-валюта активтерін басқаруға қатысы жоқ қызметкерлер алған сыйақылардың бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етуі тиіс еді.
Алайда белгіленген мерзімде нұсқама орындалмады. Нәтижесінде Әлия Молдабековаға 64 875 теңге айыппұл салынды.
Еске сала кетейік, Әлия Молдабекова 2019 жылдан бері Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметін атқарып келеді 2019 жылдан бастап Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Ол бұл лауазымға Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры ретінде үш жыл жұмыс істегеннен кейін келген болатын.


