Сонымен қатар еліміздің азаматтары, Қазақстанның көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері президентке жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
© Sputnik / Санат Имангалиев
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай құттықтау хаттары келіп түсті, деп хабарлады Ақорда, деп жазады sputnik.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне шет мемлекеттер және үкіметтер басшыларынан, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялар өкілдерінен құттықтау жеделхаттары келіп жатыр.
Мемлекет басшысының атына Қытай Халық Республикасының төрағасы, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Беларусь, Армения, БАӘ президенттері, Армения премьер-министрі, БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Қатар әмірі, Италия, Сербия, Молдова, Словакия, Словения, Корея Республикасы, Мьянма, Палестина президенттері, ТМД Бас хатшысы және тағы да басқа ресми тұлғалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.
Сонымен қатар еліміздің азаматтары, Қазақстанның көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері президентке жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Президенттің баспасөз қызметі хабарлауынша, құттықтау хаттары әлі де келіп түсіп жатыр.


