Бомба болуы мүмкін деген хабар тарады: ҚазҰУ-да студенттер эвакуацияланды

0
119

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында студенттер мен оқытушылар ғимараттан эвакуацияланған.


Бомба болуы мүмкін деген хабар тарады: ҚазҰУ-да студенттер эвакуацияланды

ERNUR.KZ. Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қараусыз қалған сөмке табылып, студенттер мен оқытушылар эвакуацияланды, деп жазады baq.kz.

Кейін сөмкенің бір студентке тиесілі екені және ішінде оқу құралдары болғаны анықталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті редакцияға берген жауабында хабарлады.

Полицияның мәліметінше, оқу орындарының бірінен қараусыз қалған сөмке табылғаны туралы ақпарат түскеннен кейін оқиға орнына қаланың шұғыл қызметтері жедел жеткен.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында студенттер мен оқытушылар ғимараттан эвакуацияланған.

Тексеру барысында сөмкенің студенттердің біріне тиесілі екені және ішінде оқу құралдары бары анықталды. Табылған зат ешқандай қауіп төндірмеген, – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция тұрғындарды күдік тудыратын немесе қараусыз қалған заттарды байқаса, сақ болуға шақырды. Мұндай жағдайда 102 нөміріне хабарлап, затты өз бетінше ұстамау немесе орнынан қозғамау қажет.