Испанияда екі жүрдек пойыз соқтығысып, 46 адам қаза тапты

0
155

Бұдан бөлек, ондаған жолаушы жарақат алған.


Испанияда екі жүрдек пойыз соқтығысып, 46 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Испанияда екі жүрдек пойыздың соқтығысуы салдарынан кемінде 46 адам қаза тапты, деп жазады sputnik.kz.

Жол апаты Толедо провинциясындағы Лос-Йебенес пен Урда елді мекендерінің арасында болған. Қазіргі уақытта кемінде 46 адамның қаза тапқаны расталды. Бұдан бөлек, ондаған жолаушы жарақат алған.
Испанияның Көлік министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, AVE жүрдек пойызы жеке Iryo компаниясына тиесілі пойыздың артқы бөлігіне соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, пойыздың соңғы екі вагоны аударылып кеткен. Қазіргі уақытта теміржол желісіндегі қозғалыс тоқтатылды.