Мектеп 960 орынға арналған.
Фото: KazAID
ERNUR.KZ. Түркияның Газиантеп аймағында 2023 жылы болған жер сілкінісінен кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сондағы Нұрдағы ауданына Қазақстан атынан мектеп салып беру бастамасын көтерген. KazAID халықаралық даму агенттігі нысанның құрылысы ортасынан асқанын хабарлады, деп жазады inform.kz.
- KazAID агенттігі Түркиядағы 2023 жылғы зардабы қатты жер сілкінісінен зардап шеккен халыққа көмектесу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен қолға алынған мектеп құрылысы айтарлықтай ілгері жылжып жатқанын хабарлайды. Мектеп 960 орынға арналған. Оның ішінде бастауыш мектептің 32 сыныбы, 4 мектепке дейінгі сынып бар. Құрылыс жұмыстары ортасынан асты. Бетон қаңқасы бой көтеріп, ішкі-сыртқы қабырғалары қаланып болды. Қасбет жұмыстары мен инженерлік желі тарту жұмыстары жалғасып жатыр, - деп жазылған ресми ақпаратта.
Еске салсақ, 2023 жылдың ақпан айында Түркияда орасан жер сілкінісі болып, мыңдаған адам қаза тапқан болатын.