Күдіктілер - Грузия азаматтары.
Фото:depositphotos.com/ BreizhAtao
ERNUR.KZ. Түркияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматын көшеде белгісіз біреу атып кеткен. Полиция екі күдіктіні ұстады, деп жазады tengrinews.kz.
Оқиға кеше сағат 16:30 шамасында болған.
"Белгісіз адам жеке логистикалық компанияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматы Ариф Исмаиловқа оқ жаудырды. Ауыр жарақат алған Исмаилов ауруханада көз жұмды", - деп жазылған мәліметте.
Ыстамбұл полициясы алдымен күдіктілердің көлігін, кейін дрон көмегімен олардың өзін тапқан. Күдіктілер - Грузия азаматтары. Мәліметке сүйенсек, олар шетелге қашпақ болған. Қылмыстың себебі белгісіз.


