Күдіктіге 67 интернет-алаяқтық фактісі бойынша іздеу жарияланған.
фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков
ERNUR.KZ. Түркияның құқық қорғау органдары іздеу салған ер адам Алматыда ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
"Шетел азаматын желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша Алматы қаласының халықаралық әуежайында ұстады", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті 2018 жылы үй жануарларын сатамын деп жалған интернет-жарнама жасап, 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркия елінен бой тасалаған.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда.