Бүгін "Орталық Азия – Қытай" саммиті өтеді.
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстанға келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сердар Бердімұхамедов 17 маусымда өтетін "Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысу үшін Астанаға ұшып келді. Бұл жиынға аймақ елдерінің мемлекет басшылары қатысады.