Айдос Үкібайдың айтуынша, бұл сапар жеке және бейресми болды.
фото: Sputnik / Евгений Биятов
ERNUR.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің 2025 жылғы 29 мамырдағы Мәскеуге сапары бейресми сипатта болды, деп жазады sputnik.kz.
«Оның Владимир Путинмен бұрыннан келе жатқан достық қарым-қатынасы бар», - делінген мәлімдемеде.
Үкібайдың айтуынша, Тұңғыш президент, бірқатар әлемдік көшбасшылармен — телефон арқылы сөйлесу, жеке хат алмасу және жеке кездесулер арқылы байланыста. Бұл тек Ресейге ғана емес, Түркияға, Қытайға, БАӘ-ге, Өзбекстанға, Беларуссияға және басқа мемлекеттерге де қатысты деді ол.
Тұңғыш президент Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараға шақыру алғанымен, бір себептермен бара алмаған.
Сапарының да себебі осы болған.
Тұңғыш президент Қазақстанда тұрақты тұрады және оның елден кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деді Үкібай.
Сапарының да себебі осы болған.
Тұңғыш президент Қазақстанда тұрақты тұрады және оның елден кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деді Үкібай.