Желі қолданушыларының сынына қалған бейнежазба Павлодардағы мектептердің бірінде түсірілген.
Фото: kursiv.media
ERNUR.KZ. Туды өртеп, елтаңбаны талқандаған бейнежазбаның қай жерде түсірілгені белгілі болды, деп жазады ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желіде тараған мемлекеттік туды өртеп, елтаңбаны талқандаған видеоның қайда түсірілгені белгілі болды. Желі қолданушыларының сынына қалған бейнежазба Павлодардағы мектептердің бірінде түсірілген.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, 5 ақпанда Павлодардағы М.Жүсіп атындағы мектепте заңға сай, мектеп комиссиясы тарапынан ұлттық стандарт пен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін заттарды жою жұмыстары жүргізілген.
«Аталған іс-әрекеттердің бейнетіркеуі тек қызметтік мақсатта жүргізілген және таратуға арналмаған. Іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібіне тиісті деңгейде бақылау жасалмауына байланысты мектеп басшысына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды», – делінген білім бөлімінің хабарламасында.


