Тоқаев Техастағы су тасқынына байланысты Трампқа көңіл айтты

0
116

Президент қаза болған азаматтардың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.


Тоқаев Техастағы су тасқынына байланысты Трампқа көңіл айтты

Фото: Ақорда
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Stan.kz.


Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Техас штатындағы алапат су тасқыны салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқанына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президент қаза болған азаматтардың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Техастағы су тасқынынан қаза болғандардың саны 50-ден асты. Керр округінде 43 адам, Бернет округінде тағы үш адам, Травис округінде төрт адамның мәйіті табылды. Олардың арасында 15 бала бар.

Сондай-ақ лагерьде жоғалып кеткен 27 қыз әлі іздестіріліп жатыр.