Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр

0
69


Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр

Сурет: Ақорда

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр, деп жазады Zakon.kz.

Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айбек Смадияр хабарлады.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, Қазақстан қазіргідей сын сағатында бауырлас иордан халқына қолдау мен тілектестік білдіретінін жеткізді.

Президент ахуалдың ушығуына әкелуі мүмкін іс-қимылдардан бас тартуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет екенін тағы да атап өтті.