Бұл туралы Беларусь президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Photo : Официальный сайт президента Беларуси
ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенконы және Беларусь халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Тоқаев Александр Лукашенкоға жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Беларусь халқына әл-ауқат пен гүлдену тіледі.
"Сіздің басшылығыңызбен Беларусь әлеуметтік-экономикалық даму мен халықтың әл-ауқатын арттыруда елеулі табыстарға қол жеткізді. Қазақ халқы бауырлас беларусь халқына, оның төл мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүріне құрметпен қарайды. Қазақстанда Сіздің елдеріміз арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қосқан жеке үлесіңізді жоғары бағалайды және Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасын сапалы жаңа деңгейге шығаруға бағытталған күш-жігерді табанды түрде қолдайды", - деді Қазақстан президенті.
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев та құттықтау жолдады. Ол Беларусь тұрақты дамып, мемлекеттік егемендігін нығайтып, жаңғыру жолында ілгері басып жатқанын атап өтті.
"Алдағы уақытта да Сіздің еліңіз халықаралық аренадағы позициясын нығайтып, жаңа табыстарға қол жеткізетініне сенімдімін", - делінген құттықтауда.