“JAKE TAU” мен қолдаушылары жөндеп жатқан үйден табылған ақша тұрғынға қайтарылады

0
118

5 миллион теңгеден астам ақша болған.


“JAKE TAU” мен қолдаушылары жөндеп жатқан үйден табылған ақша тұрғынға қайтарылады

Жөндеу жұмыстары кезінде табылған ақша Түркістан облысының тұрғынына қайтарылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұған дейін “JAKE TAU” мен қолдаушылары жөндеп жатқан үйдің шатырынан ақша табылғанын хабарлаған едік. Құзырлы органдарға өткізілген қаржы тұрғынға қайтарылатын болды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

“Қазығұрт ауданының полициясына жеке тұрғын үйдің шатырынан ақша табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тексеру барысында 5 миллион теңгеден астам ақша бар бірнеше пакет тапты.

Бұған дейін жанашыр тұрғындар қарт әйелдің үйін жөндеуге көмектескені анықталды. Жұмыс барысында олар шатырдан қолма-қол ақша тауып алған.

Үй иесінің айтуынша, ол бұл қаражатты жылдар бойы жинаған. Қажетті іс-шаралар өткізіліп, барлық жағдайлар анықталғаннан кейін ақша заңды иесіне қайтарылады” делінген ресми мәлімдемеде.

Бөлісу