Тоқаев Дональд Трампты Газа секторында бейбітшілікке қол жеткізуімен құттықтады

0
88

Президент мұны көрнекті дипломатиялық жеңіс деп санайды.


Тоқаев Дональд Трампты Газа секторында бейбітшілікке қол жеткізуімен құттықтады

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Газа секторындағы көптен күткен бейбітшілікті орнатуда елеулі дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті саяси ерік-жігерінің мықтылығын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім орнатуға шынайы ұмтылысын толық таныта білді деп санайды", — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер барысында қол жеткізілген Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы келісімді қолдайтынын жазған едік.