Тоғыз тіл білетін оқушы Павлодарда сабақ бере бастады

0
77

Мектеп оқушысы күн сайын екі тілді 1,5–2 сағаттан үйренеді және негізгі басымдықты сөйлеу тәжірибесіне береді.


Тоғыз тіл білетін оқушы Павлодарда сабақ бере бастады

Видео кадры

ERNUR.KZ. Павлодарлық 10-сынып оқушысы Айханым Оқасова соңғы төрт жылға жуық уақыттан бері шет тілдерін меңгерумен айналысып келеді, деп жазады ulysmedia.kz.

Осы уақыт аралығында ол қазақ және орыс тілдерінен бөлек, ағылшын, қытай, араб, корей және француз тілдерін еркін сөйлесу деңгейінде меңгерген. Ал неміс және түрік тілдерін базалық деңгейде оқып жүр.

Мектеп оқушысы күн сайын екі тілді 1,5–2 сағаттан үйренеді және негізгі басымдықты сөйлеу тәжірибесіне береді.

Тілді үйренуді жеңілдету мақсатында Айханым шет тілдерінде еркін сөйлесу үшін жабық Instagram-парақша ашқан. Оның бала күнгі мұғалім болу арманы бүгінде 20 жасқа дейін 20 тілді меңгеру және тіл мектептері желісін құру мақсатына ұласқан.

Қазір ол түрлі жастағы оқушыларға онлайн және офлайн форматта сабақ өткізеді. Сонымен қатар, шәкірттеріне университет пен білім беру бағдарламаларын таңдауға да көмектесіп жүр.

– Бәрі шамамен 13 жасымнан басталды. Менің шабытқа немесе бос уақытқа тәуелді емес нақты күнделікті кестем болды. Күніне үш-төрт сағат таза тәжірибе жасайтынмын, кейде одан да көп болатын. Теориядан гөрі сөйлеу тәжірибесіне, жазуға, қайталауға және бекітуге басымдық бердім. Бір тақырыпты 4–5 рет қайталап, иероглифтерді ондаған жолмен қайта жазатынмын. Мен үшін ең бастысы — жай ғана “өтіп шығу” емес, нақты есте сақтап, қолдана бастау еді, — деп әңгімеледі Айханым Pavlodarnews.kz сайтына берген сұқбатында.