Фото: Энергетика министрлігі
ERNUR.KZ. Теңіз кен орнында мұнай өндіру жұмысы қалпына келтірілді. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлім етті, деп жазады inform.kz.
— Теңіз мұнай өндіруді қалпына келтірді. Тәулігіне 120 мың тоннаға дейін өндіріліп жатыр, — деді министр бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін.
Сонымен қатар ол кен орнының жұмысын тоқтауына себеп болған өртке қатысты мәліметтердің алдағы уақытта белгілі болатынын айтты.
— Қазіргі уақытта комиссия жұмысын аяқтап қалды. Таяуда нәтижесі белгілі болады, — деді Ерлан Ақкенженов.
Айта кетейік, 28 қаңтарда Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Теңіз кен орнында жанып кеткен трансформаторлар жөнделіп, мұнай өндіру бір апта ішінде қалпына келтірілетіні туралы айтқан еді.


