Астанада 47 жастағы әйел көшеде көз жұмды

0
147

Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.


Астанада 47 жастағы әйел көшеде көз жұмды

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Астанада көшеде 47 жастағы әйелдің денсаулығы күрт нашарлап, көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға кезінде әйелге куәгерлер көмек көрсетуге тырысқан. Жедел жәрдем бригадасы да оқиға орнына жедел жетіп, реанимациялық шаралар жүргізген. Алайда әйелді аман алып қалу мүмкін болмады.
"Сауда базарының алдында 47 жастағы әйел көз жұмды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша әйел ауырған. Ол жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмған", – деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.