Өрт толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
ERNUR.KZ. Атырау облысы Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы ГТЭС-4 нысанында GT-9.3 турбинасының трансформаторы тұтанды, деп жазады BAQ.KZ.
“ Қызметкерлер қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. ТШО-ның апаттық қызметі өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ “, - деп мәлімдеді "ҚазМұнайГаз".
Шамамен сағат 11:20-да ГТЭС-4 нысанындағы GT-9.5 турбинасының трансформаторы да тұтанған. Өрт толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға туралы ТЖД дереу хабардар етілді. Қазіргі уақытта тұтанудың себептері анықталып жатыр. Жағдай бақылауда.


