Теміртауда қонаққа барған ер адам үй иесін өлтірді

0
132

Күдікті ұсталды, тергеу жүргізіліп жатыр.


Теміртауда қонаққа барған ер адам үй иесін өлтірді

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Теміртау қаласында таныстар арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға Металлургтер даңғылындағы жеке пәтерлердің бірінде болған. Қонаққа барған ер адам үй иесін пышақтаған. Алған жарақатынан 33 жастағы ер адам көз жұмды.
Полиция қылмыстық іс қозғады. 37 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

"Таныстар арасында жанжал туындаған. Жанжал кезінде 33 жастағы пәтер иесіне пышақ жарақатын салған, ол оқиға орнында алған дене жарақатынан көз жұмды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Қарағанды облысының полиция департаменті.