​Таяу Шығыстан Қазақстанға 9926 азамат эвакуацияланды

0
86

Ираннан Түрікменстан шекарасы арқылы жерүсті бағытымен үш Қазақстан азаматы эвакуацияланды.


​Таяу Шығыстан Қазақстанға 9926 азамат эвакуацияланды

Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

ERNUR.KZ. Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің ұйымдастыруымен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға барлығы 9 926 қазақстандық азамат қайтарылды, деп жазады inform.kz.

Ираннан Түрікменстан шекарасы арқылы жерүсті бағытымен үш Қазақстан азаматы эвакуацияланды. Эвакуация басталған сәттен бері Ираннан жалпы 69 қазақстандық елге жеткізілді.

Сонымен қатар Израильден 68 Қазақстан азаматы елге қайтарылды.
Қазақстанның өңірдегі дипломатиялық өкілдіктері жергілікті деңгейде үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастармен тұрақты байланыс орнатып, оларға қажетті көмек көрсетіп жатыр. Бұл шаралар Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.