Израиль Иранға әуеден соққы жасады, шабуыл кезінде Иранның генерал-майоры қаза тапты.
Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Қазақстанның Израильдегі елшілігі Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты қазақстандықтарға үндеу жариялады. Сондай-ақ елшілік жедел желі іске қосылғанын ескертті, деп жазады stan.kz.
"Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматына Тыл қолбасшылығының нұсқауларын сақтауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан елшілігімен байланыста болуды сұрайды", – делінген елшілік хабарламасында.
Бұған қоса Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін шұғыл байланыс желілері іске қосылды.
Қазақстан азаматтары кез келген жағдайда мына телефон нөмірлері арқылы хабарласа алады:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші),
+972 53 635 19 83 (мобильді, WhatsApp),
+972 55 273 38 13 (мобильді, WhatsApp),
+7 700 111 31 96 (WhatsApp).
Айта кетейік, Израиль Иранға әуеден соққы жасады, шабуыл кезінде Иранның генерал-майоры қаза тапты. Тегеранда және оның маңайында жарылыстар болып жатыр. Теграннан бөлек, Иранның Натанз және Хамедан қалаларына да әуе шабуылдары жасалғаны расталды.