«Танысқым келмейді»: Алматыда жас жігіт бойжеткеннің үстіне бір бөтелке су шашып жіберген (ВИДЕО)

0
110

Полиция оны ұстап әкетті.


«Танысқым келмейді»: Алматыда жас жігіт бойжеткеннің үстіне бір бөтелке су шашып жіберген (ВИДЕО)

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Алматы қаласында жағымсыз жайт орын алды: дәмханада отырған бойжеткенге бейтаныс ер адам келіп, қырындаған. Бірақ бойжеткен «танысқым келмейді» дегенде, ашуға басқан жігіт оның үстіне бір бөтелке су шашып, артынан ортаңғы саусағын шығарған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бойжеткен бұл бассыздыққа шыдамай, полицияға арыз жазған. Алматы қаласы Бостандық ауданының полициясы бірден әрекетке көшіп, ер адамды тапқан.

«Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция департаменті видеодағы ер адамды тауып, полиция бөлімшесіне әкелді. Әкімшілік сот оның әрекетін «ұсақ бұзақылық» деп бағалап, оны әкімшілік қамауға алды», - деп хабарлайды Алматы қаласының полиция департаменті.

Бойжеткен болса оның құқығын қорғаған полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, бейнеүндеу жариялаған.