Танымал қазақстандық блогер өзіне іздеу салынғаны жайлы ақпаратқа түсініктеме берді

0
100

11 қаңтарда қазақстандық блогер Қайсар Қамзаға ел аумағында іздеу салынған.


Танымал қазақстандық блогер өзіне іздеу салынғаны жайлы ақпаратқа түсініктеме берді

Сурет: Instagram/qais_arr

ERNUR.KZ. Мллиондаған оқырманы бар қазақстандық танымал блогер Қайсар Қамза 11 қаңтарда пайда болған өзіне іздеу салынғаны жайлы ақпаратқа түсініктеме берді, деп жазады zakon.kz.

Ол Instagram-дағы Stories бөліміне дастарханда отырған суретін жүктеп, "бәрі ойдағыдай" деген қысқа ғана жазба қалдырды. Блогер неліктен іздестіріліп жатқаны жайлы ештеңе ашып айтпады.

Сурет: Instagram/qais_arr

Бұған дейін 11 қаңтарда қазақстандық блогер Қайсар Қамзаға ел аумағында іздеу салынғаны жайлы жазғанбыз. Құқықтық статистика порталының дерегіне сәйкес, іздеуді Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі бастаған. Іздеу ісі Астанада тіркелген.