Талдықорғанда таныстарын кредит алуға мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды

0
131

Жәбірленушілер несие рәсімдеп, алған қаражатын күдіктілерге берген.


Талдықорғанда таныстарын кредит алуға мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Владимир Песня

ERNUR.KZ. Талдықорғанда қаланың 19 жастағы екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаменті, деп жазады sputnik.kz.
Олар таныстарын зорлық-зомбылық жасаймыз деп қорқытып, ақша бопсалаумен айналысты деген күдікке ілінді.
"Қылмыстық схема 2024 жылдың күзінен бастап әрекет еткен. Жәбірленушілер несие рәсімдеп, алған қаражатын күдіктілерге берген", - дейді полиция.
Тергеу мәліметі бойынша 6 адам зардап шегіп, 2 миллион теңгеден астам шығын көрген.
Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.