Сауд Арабиясы әлемдегі ең биік стадион құрылысын тоқтатты

0
146

Стадион Сауд Арабиясы 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізуге ұсынған 15 аренаның қатарына кірген.


Сауд Арабиясы әлемдегі ең биік стадион құрылысын тоқтатты

Сурет: NEOM

ERNUR.KZ. Сауд Арабиясында 2034 жылғы футболдан әлем чемпионатының матчтарын қабылдауы тиіс болған, бірақ The Line "Айнадай қала" стадионының құрылысы белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды, деп жазады zakon.kz.

Naked Science басылымының дерегінше, Сауд Арабиясы болашақтың ерекше спорт аренасын салу жобасынан іс жүзінде бас тартқан.

Стадион Сауд Арабиясы 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізуге ұсынған 15 аренаның қатарына кірген. Сыйымдылығы 46 мың көрерменге арналған нысан елдің өтінімінде "әлемдегі ең бірегей стадион" деп аталған. Бастапқы жоспар бойынша арена жерден шамамен 350 метр биіктікте орналасуы керек болған.

Стадионды Neom ауқымды жобасының құрамындағы ұзындығы 170 шақырым болатын "Айнадай қала" (The Line) мегажобасы аясында салу жоспарланған.

Қазір "Айнадай қала" жобасының өзі де айтарлықтай қайта қаралып жатыр. Оны бастапқы жоспарланған ауқымда салу мәселесі күмән тудырды.

Әзірге "Айнадай қала" стадионының орнына басқа арена салынатыны немесе 2034 жылғы әлем чемпионаты басқа стадиондарда өтетіні белгісіз.

Бұған дейін Қытайдың жаңа аса терең ұңғыманы бұрғылағаны хабарланған болатын.