Алматыда пәтерден 33 жастағы ер адамның денесі табылды

0
221

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өзіне қол жұмсауы мүмкін.


Алматыда пәтерден 33 жастағы ер адамның денесі табылды

Фото: Алматы ПД

ERNUR.KZ. Алматының Әуезов ауданындағы "Жетісу" шағынауданында қайғылы жағдай болды. Пәтерлердің бірінен 33 жастағы ер адамның денесі табылды, деп жазады inbusiness.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өзіне қол жұмсауы мүмкін. Қайтыс болу себептері мен оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Алдын ала анықталғандай, ер адам соңғы бірнеше айда өмірінде қиын кезеңді бастан өткерген. Қазір оның өмір салты, араласқан ортасы және оқиғаға қатысы болуы мүмкін өзге де мән-жайлар зерттеліп жатыр. Тергеу нәтижесінде болған оқиғаның толық мән-жайы анықталады", – деді Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.