Таиландта аударылған катер: Жарақат алған отандасымыз ауруханадан шықты

0
82

Оқиға жексенбі Пхукет аралында болған.


Таиландта аударылған катер: Жарақат алған отандасымыз ауруханадан шықты

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Таиландта аударылған катердің ішінде болып, жарақаттанған бір отандасымыз 13 қаңтарда ауруханадан шықты. Қалған екеуі әлі дәрігерлердің бақылауында, деп жазады zakon.kz.

КТК дерегіне сүйенсек, жалпы Андаман теңізіне саяхатқа шыққан катерде Қазақстанның сегіз азаматы болған.

Оқиға жексенбі Пхукет аралында болған. Туристер мінген мотор қайық балық аулайтын кемеге соғылып, Ресейден келген 18 жастағы қыз ажал құшты. 20-дан аса адам түрлі жарақат алған. Қайықта 55 турист болған - Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь азаматтары. Тергеу жүріп жатыр. Катер тиесілі компания өңірде арзан саяхат ұсынатын оператор ретінде белгілі. Яғни оларға тиесілі қайықтар бұған дейін де апатқа ұшыраған.

"Апатқа ұшыраған катерде Қазақстанның сегіз азаматы болған. Зардап шеккен барлығына жедел медициналық көмек көрсетілді. Қазақстанның үш азаматы ауруханаға жатқызылып, біреуін бүгін шығарды. Қалған екеуінің жағдайы тұрақты, емін аураханада жалғастырады. Шығынды сақтандыру компаниясы өтейді. Консул азаматтармен тұрақты байланыс орнатып, оларға қажет қолдау көрсетіп отыр", - деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.