Сотталушыларды азаптады деп айыпталған түрменің 12 қызметкері ақталып шықты

0
131

Істі қарау қорытындысы бойынша алқабилер айыпталушыларды толық ақтау жөнінде үкім шығарды.


Сотталушыларды азаптады деп айыпталған түрменің 12 қызметкері ақталып шықты

Фото: Freepik

ERNUR.KZ. Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты алқабилердің қатысуымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (КУИС) 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарады, деп жазады ulysmedia.kz.

Істі қарау қорытындысы бойынша алқабилер айыпталушыларды толық ақтау жөнінде үкім шығарды.

Тергеу органы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметкерлерін Атбасар қаласындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға тыйым салынған, азаптау әдістерін қолданды деп айыптаған. Айып ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы 3-бөлігі 1-тармағы («Азаптау») бойынша тағылған.

АЛҚАБИЛЕР

Алайда алқабилер айыпталушылардың кінәсіз екені жөнінде шешім қабылдады. Кеңесу бөлмесінде дауыс беру нәтижесінде қылмыс оқиғасының болмағаны және айыпталушылардың кінәсіздігі анықталған.

Іс бойынша 10 алқаби мен 1 судьяның әрқайсысы бір-бір дауыстан берген, дауыс беру кезінде ешқандай артықшылық болмаған.

Сот үкімімен ҚАЖК-нің 12 қызметкері кінәсіз деп танылып, ақталған азаматтардың оңалту құқығы бар екені көрсетілген.

Аталған үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.