Сотта Сұлтан Сәрсемәлиевтің қайын әпкесіне қалай шабуылдағаны айтылды

0
104

Күдіктіге "екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бабы бойынша айып тағылған.


Сотта Сұлтан Сәрсемәлиевтің қайын әпкесіне қалай шабуылдағаны айтылды

Фото: Atyrau Today

ERNUR.KZ. Одан бөлек, "ұрлық" және "алаяқтық" деректері бойынша қосымша істер тіркелген, деп жазады inbusiness.kz.

Бүгін Атырауда 4 адамның өліміне қатысты атышулы істің алдын ала сот тыңдауы басталды. Онда мемлекеттік айыптаушы тергеудің мәліметтерін оқыған.

Жергілікті "Аtyrautoday" ақпарат агенттігінің тілшісі Әлия Жамитова сот залынан ақпарат таратып жатыр. Осы мәліметке сенсек, Сәрсемәлиев әйелінің туысы Мейрамгүл Қарабалинаны қалай өлтіргенін тергеу былайша баяндаған:

– Сұлтан Сәрсемәлиев азық-түлік сатып алған соң күндіз үйіне келген. Сол сәтте үйінде әйелі Ақбаян және кәмелет жасына толмаған баласы, сондай-ақ әйелінің әпкесі Мейрамгүл Қарабалина отырған. Екі тараптың арасында үйдегі тұрмыс-тіршіліктің нашарлығы мен азық-түліктің жоқтығына байланысты жанжал туған.
Тергеуге сенсек, ұрыс-керіс барысында Сәрсемәлиев пен Қарабалинаның жанжалы ушыға түсіп, күдікті оны пышақпен жарақаттаған. Ол көз жұмғаннан кейін күдікті оның мәйіті мен қылмыс ізін жасырған, – делінген.

Жаза кетейік, Атыраудағы бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Сол себепті, сот отырысына марқұмдардың туған-туыстары және БАҚ өкілдері қатысып жатыр.