Бұған дейін Ә.Зейнелдің адвокаты оның жәбірленуші ретінде іске қатысуын тоқтатып, қаза болған әйелдің анасына жәбірленуші құқықтарын беруді сұраған еді.
Фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. Сот Әділет Зейнелдің жәбірленуші мәртебесінен бас тарту туралы өтінішін қанағаттандырмады. Бұған дейін қызметтік міндетін атқаруда қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі жәбірленуші болудан бас тартқысы келген еді, деп жазады inform.kz.
Бұған дейін Ә.Зейнелдің адвокаты оның жәбірленуші ретінде іске қатысуын тоқтатып, қаза болған әйелдің анасына жәбірленуші құқықтарын беруді сұраған еді.
Сот процеске қатысушылардың пікірін тыңдап, қазіргі кезеңде өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарды.
Ал Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Омарова күйеу баласының жәбірленуші болуға моральдік құқығы жоқ екенін айтқан еді.
23 жастағы Ұлдана Мырзуан 2025 жылғы 18 қарашада қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмды.
8 қарашада елордада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлап, салдарынан 5 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің бәрі № 1 көпсалалы ауруханаға жеткізілді.
Мемлекет басшысы қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.


