Өрттің шығу себебі анықталуда.
Фото: ТЖМ
ERNUR.KZ. Жеке тұрғын үйдегі өрт туралы хабар СҚО ТЖД-ның кезекші бөліміне 12 ақпан күні таң ата түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен жалынға оранған, деп жазады inbusiness.kz.
"Өртті сөндіру барысында үй иесі – 68 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде", – деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге 10 қызметкер және екі техника жұмылдырылды.


