Солтүстік Қазақстанда ауыл әкімі өлі табылды

0
94

Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Солтүстік Қазақстанда ауыл әкімі өлі табылды

© Photo : Polisia.kz


ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округінің әкімі өлі табылды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Алдын ала мәлімет бойынша ол өзіне қол жұмсаған.
"18 мамырда 48 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - дейді Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.
Ерлан Смайылов биыл 17 ақпанда ғана әкім қызметіне тағайындалған. Бұған дейін ол "Майское-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары қызметін атқарған.