СҚО-дағы қайғылы оқиға: бір бала қаза тауып, тағы біреуі іздестіріліп жатыр

0
65

Қайғылы жағдай 11 қаңтар кешке Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Майбалық ауылында болған.


СҚО-дағы қайғылы оқиға: бір бала қаза тауып, тағы біреуі іздестіріліп жатыр

Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға салдарынан ер адам мен бір кәмелетке толмаған бала қаза тапқан, екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Қайғылы жағдай 11 қаңтар кешке Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Майбалық ауылында болған. 101 пультіне хабар түскеннен кейін оқиға орнына өртке қарсы қызмет бөлімшелері жіберілген. Келген кезде үйдің толықтай отқа оранып, толық құлағаны анықталған.

Үй иесінің айтуынша, ішінде оның жұбайы мен екі кәмелетке толмаған баласы болған. Өртті сөндіру және үйінділерді аршу барысында құтқарушылар ер адам мен бір баланың мәйітін тапты. Екінші кәмелетке толмаған баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиға орнында департамент басшылығы мен ТЖД психологтары жұмыс істеп, зардап шеккен әйелге көмек көрсетіліп жатыр

64 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілген. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.