СҚО-да 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды

0
110

​Жас жігіттің денесі 15 ақпан күні Леденево ауылында табылды.


СҚО-да 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының Мамлүт ауданында 19 жастағы ер адамның денесі табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жас жігіттің денесі 15 ақпан күні Леденево ауылында табылған. Алдын ала дерекке сәйкес, оқиға суицид ретінде қарастырылып отыр.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта болған жағдайдың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.