Сианьнан шыққан халықаралық туристік пойыз Алматыға келіп жетті

0
148

​Қытайлық қонақтар бес күн бойы еліміздің оңтүстік астанасының тарихи-мәдени ерекшеліктерімен танысып, түрлі шараларға қатысады.


Сианьнан шыққан халықаралық туристік пойыз Алматыға келіп жетті

ERNUR.KZ. Алматы-2 теміржол вокзалына Қытайдан келген "Сиань-Алматы" бағытындағы алғашқы халықаралық туристік пойыз келіп жетті, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Қытайдан келген туристерді қарсы алу құрметіне перронда ұлттық өнер көрсетіліп, домбыраның әуезді күйішырқалған салтанатты рәсім өтті.
Құрам 9 вагоннан тұрады. Туристік делегация құрамында 246 адам бар. Олардың қатарында кәсіпкерлер, ғалымдар, мәдениет пен спорт саласының танымал өкілдері бар.
Қытайлық қонақтар бес күн бойы еліміздің оңтүстік астанасының тарихи-мәдени ерекшеліктерімен танысып, түрлі шараларға қатысады.
Бағдарлама аясында төмендегідей іс-шаралар жоспарланған:
1 маусым – Сиань–Алматы мәдени туризм апталығының ресми ашылуы және қарсы алу рәсімі;
2 маусым – Республика сарайы алдындағы алаңда өтетін ауқымды мәдени-гуманитарлық фестиваль;
3 маусым – Алматы қаласының мұражайлары мен көрнекті орындарына экскурсиялар;
4 маусым – жастар мен спортшыларға арналған іс-шаралар, соның ішінде достық матчтар мен әйел кәсіпкерлерімен кездесулер;
5–6 маусым – пойыздың кері бағытта жолға шығуы;
7 маусым, сағат 18:30 (Пекин уақытымен) – пойыздың Сиань қаласына оралуы.
Аталған жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени қарым-қатынасты тереңдетіп, туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған маңызды бастама ретінде бағаланады.