Кіреберісте шылым шегіп, қоқыс тастау заңды бұзу болып саналады.
Фото: Ru.freepik.com
ERNUR.KZ. Көппәтерлі тұрғын үйлердегі ортақ мүлікті пайдалануға қатысты жаңа талаптар бекітілді, деп жазады stan.kz.
Кіреберісте шылым шегіп, қоқыс тастау заңды бұзу болып саналады. Сондай-ақ үй қабырғасына жазу жазып, дәлізге велосипед, баланың арбасы сияқты жеке заттарды шығарып қоюға болмайды. Заңға бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
“Әкімшілік кодексінің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша қоғамдық ортада, подъезге мусорларын жинап қойып қойса, бірінші жолға учаскелік инспектор ескертеді. Екінші жолы қайталанатын болса, әкімшілік хаттама толтырылады. Самокат, велосипед, коляска қойып қояды. Бірінші жолға ескертеміз, егер ескерсе, айыппұл салынбайды”, – деді Алматы қаласы полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Әділбек Қозыбеков.
- Көпқабатты үйдің дәлізінде шылым шеккені үшін – 58 000 теңге;
- Қоқыс тастағаны үшін – 78000 теңге;
- Қабырғаға сурет салып, жазу жазса – 197600 теңге айыппұл арқалайды;
- Егер вандализм қайталанып немесе қасақана жасалғаны анықталса, 20 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.
Сондай-ақ көпқабатты үйлерде түнгі 22:00-ден бастап таңғы 09:00-ге дейін тыныштық сақтау қажет. Көршілеріне артық дыбыспен кедергі келтіргендерге 19 660 теңге айыппұл салынады