Шығыс Қазақстанда автобус жүргізушісі рөлде отырып көз жұмды

0
58

Ер адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.


Шығыс Қазақстанда автобус жүргізушісі рөлде отырып көз жұмды

ERNUR.KZ. Өскемен – Новосібір бағытындағы автобус жүргізушісі рөлде отырып көз жұмды. Өлім себебін сараптама анықтайды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жолаушылардың айтуынша, ер адам автовокзалда өзін жайсыз сезінген. Ол жолаушыларға жуырда жүрегіне ота жасалғанын айтқан.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі нақтылағандай, жүргізуші жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болған.

«Автобус Бажов көшесімен келе жатқан кезде 57 жастағы жүргізушінің жағдайы кенеттен нашарлаған. Екінші жүргізуші жедел жәрдем шақырған. Өкінішке қарай, ер адам дәрігерлер жеткенше қайтыс болды», — делінген ПД хабарламасында.