Аграрлық сектордың тартымдылығын арттыру және еңбек өнімділігін өсіру мақсатында жүйелі шаралар кешені іске асырылып жатыр.
Фото: Ботакөз Кенжеханқызы/Kazinform
ERNUR.KZ. Бақташылар мен шопандар зиянды еңбек жағдайларында қызметін жүзеге асыратын тұлғалар тізбесіне енгізілмек. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық эконмика министрі Серік Жұманғариннің жауабында айтылған, деп жазады inform.kz.
- Аграрлық сектордың тартымдылығын арттыру және еңбек өнімділігін өсіру мақсатында жүйелі шаралар кешені іске асырылып жатыр. Осы жылдың басында Мал шаруашылығын дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Аталған жоспарда сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру бойынша шаралар қарастырылған, - деді вице-премьер.
Оны мәліметінше, жұмыс орындарын субсидиялау механизмін бақташылар мен шопандарға қолдану, кейіннен тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Сонымен қатар көшпелі мал шаруашылығында жұмыс істейтін аталған қызметкерлер санаттарын зиянды еңбек жағдайларында қызметін жүзеге асыратын тұлғалар тізбесіне қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
- Осылайша мал шаруашылығы қызметкерлерін әлеуметтік қолдауды күшейту және еңбегін ынталандыру бойынша шаралар практикалық іске асыру сатысында тұр, - деді Серік Жұманғарин.


