ШҚО-да жоғалып кеткен ер адам табылды

0
102

​Іздеу жұмыстары түні бойы үзіліссіз жүргізілген.


ШҚО-да жоғалып кеткен ер адам табылды

Фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен 57 жастағы ер адам табылды. Іздеу жұмыстары түні бойы үзіліссіз жүргізілген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға Марқакөл өңіріндегі шаруа қожалықтарының бірінде болған. 57 жастағы ер адам атқа мініп, мал бағуға шыққан. Үйіне оралмаған соң, жақындары дабыл қағып, іздеу шаралары басталған.

Құтқарушылар мен еріктілер аумақты мұқият тексеріп, ауқымды іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Маубас және Доғалбай фермаларының аралығынан іздеп, түн ортасында ер адам аман-есен табылды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

«Іздеу жұмыстары түні бойы жүргізілді. Нәтижесінде ер адам екі ферманың арасынан табылды. Оның денсаулығына зақым келмеген», — деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ол үйіне жеткізілді, жағдайы тұрақты.