​ШҚО-да полицияға 1,8 млрд теңгеге сапер-робот сатып алынады

0
87

Бұл – жетуі қиын жерлерде жарылғыш заттарды залалсыздандыруға арналған мобильді жүйе.


​ШҚО-да полицияға 1,8 млрд теңгеге сапер-робот сатып алынады

Фото: ІІМ

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының полициясы үшін бұрын адамдар баруға мәжбүр болған қауіпті аумақтарда жұмыс істей алатын жоғары технологиялы сапер-робот сатып алынады, деп жазады inform.kz.

Қаржы бөлу туралы шешім облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қабылданды. Өтімділігі жоғары, толық жетекті автокөлік базасындағы жарылғыш заттармен жұмыс істеуге арналған кешенді сатып алуға өңірлік бюджеттен 1 млрд 750 млн теңге бағытталмақ.

Бұл – жетуі қиын жерлерде жарылғыш заттарды залалсыздандыруға арналған мобильді жүйе. Аталған робот нысандарды қашықтан тексеруге мүмкіндік береді. Соның арқасында қызметкерлердің өміріне тікелей қауіп төнбейді.
– Қаржыландыру өткен жылдан игерілмей қалған қаржы мен соңғы уақытта облыс қазынасын толықтырған салықтар мен айыппұлдардан түскен қосымша түсімдер есебінен бөлінді, - дейді депутаттар.
Олардың айтуынша, мұндай техниканы сатып алу – өңір қауіпсіздігіне салынған инвестиция. Шығыс Қазақстанда ұзын көлік жолдары, ірі өндірістік нысандар және шекаралық аймақтардың болуы төтенше және күштік құрылымдардың материалдық-техникалық базасын күшейтуді талап етеді.