Вице-министр Шымкентте жастармен кездесті

0
75

Ашық пікір алмасу барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.


Вице-министр Шымкентте жастармен кездесті

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев Шымкент қаласының жастарымен кездесті.

Жиында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттер, оның ішінде жастарды жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және еңбек нарығындағы мүмкіндіктер мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадр даярлау, инженерлік-техникалық бағыттарды дамыту және жас кәсіпкерлерді қолдау мәселелеріне назар аударылды.
Ашық пікір алмасу барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Бірінші вице-министр көтерілген сауалдарға жауап беріп, жастарға арналған мемлекеттік қолдау тетіктері мен кәсіби даму мүмкіндіктері туралы түсіндірді.
Бөлісу