​Шетелдегі барлық 71 учаскелік референдум комиссиясы өз жұмысын аяқтады — СІМ

0
127

Ең алғашқы болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы отандастарымыз референдумда дауыс беруді бастаған болатын.


​Шетелдегі барлық 71 учаскелік референдум комиссиясы өз жұмысын аяқтады — СІМ

Фото: Берік Табынбаев / Kazinform

ERNUR.KZ. 54 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 12740 адамды құрады. Бұл дауыс берушілердің 88,6% келуін қамтамасыз етті, деп жазады inform.kz.

Евске сала кетейік, ең алғашқы болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы отандастарымыз референдумда дауыс беруді бастаған болатын.

Алғашқылардың бірі болып Токио қаласында өткен референдумда дауыс берген Қазақстан азаматы «Нихон» универститетінің 3-курс студенті Жібек Айдын болды.
Артынша Қытайда жаңа Конституция бойынша республикалық референдумға арналған дауыс беру учаскелері ашылды. Олар Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігінде, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай, Сиань және Гонконг қалаларындағы бас консулдықтарында жұмысын бастады.