Жақында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистердің сұрағына берген жауабында Шерзат ісіне байланысты соттың қалай өткені туралы пайымын айтты.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов Шерзаттың әкесіне қатысты іс қозғалмағанын айтты, деп жазады inform.kz.
Бүгін Парламент Мәжілісінде тілшілер Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады.
— Жалпы, бұл жөнінде ресми сауал жіберіңіздер. Жалпы айтайын, Қаржаубайға қатысты қазір қылмыстық іс жоқ, — деді Ержан Саденов.
Еске салсақ, жақында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистердің сұрағына берген жауабында Шерзат ісіне байланысты соттың қалай өткені туралы пайымын айтты.
Биыл 3 маусымда сот отырысының жарыссөз кезеңінде сотталушы Нұрбол Тоқтаубаев өз ойын айтты. Ол соңғы сөзінде Шерзат Полаттың өліміне Қаржаубай Нұрымовты күдікті деп тануды өтінді.
5 маусымда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.