Шерзат Полат ісіндегі 4 куәгердің "тағдыры" шешілді

0
116

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтып берді.


Шерзат Полат ісіндегі 4 куәгердің

Фото: видеодан алынған кадр

ERNUR.KZ. Оның сөзінше, тексеру нәтижесінде олардың іс-әрекеттерінен қылмыстық құрам анықталмаған, деп жазады inbusiness.kz.

4 куәгер дегеніміз, Шерзат Полат ісінде куә ретінде жауап берген Эльмира Нұрбекова, Дана Жақсыгелді, Арлан Қазыкенов және Юлдаш Розыбакиев.

Ержан Сәденовтің пікірінше, қаншама күмән-күдікке қарамастан, олар бастапқыда іс бойынша тек куәгер ретінде тіркелген.

“ Біз соттан алынған материалдарды мұқият қарадық және қылмыстық іс қозғауға негіз таппадық “, – деді ол.

Ол тексеру сот шешімімен қайта жүргізілгенін нақтылады әрі тексерудің сот қаулысы аясында жүргізілгенін жеткізді.