Бүгін Шерзат Болаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша басты сот талқылауы тікелей эфирде қайта жалғасты.
ERNUR.KZ. Шерзат Болаттың қазасына қатысты қылмыстық істі қарап жатқан судья Ержан Жанұзақов блогерлер мен басқа да желі қолданушыларына ескерту жасады, деп жазады baq.kz.
Сот тек заңға сүйене отырып, бейтарап төреші ретінде әрекет етеді. Қазір іс тергеу сатысында тұр, қорытынды үкім әлі шыққан жоқ. Сот шешімді тек қана объективті, даусыз дәлелдер негізінде қабылдайды. Үкім шыққанша сотқа қысым жасауға, негізсіз және дәлелсіз сын айтуға жол берілмейді. Іске қатысты субъективті пікір таратуға болмайды. Бұл кей жағдайда сотқа қысым жасау әрекеті ретінде бағалануы мүмкін, – деді судья.