Шерзат ісі бойынша сотталғандардың туыстары Президенттен көмек сұрады

0
107

Бейнеүндеу Egov.Press телеграм арнасында жарияланған.


Шерзат ісі бойынша сотталғандардың туыстары Президенттен көмек сұрады

Фото: zhogargy sot

ERNUR.KZ. Онда бір топ адамның 16 жастағы марқұм Шерзат Полаттың отбасы мүшелерінің жазалануын талап еткені анық бейнеленген, деп жазады inbusiness.kz.

Сотталғандардың жақындарының айтуынша, марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов та қатаң жазалануы керек. Сол секілді әпкелері де заңбұзушылықтар жасаған. Сондықтан, видеодағылар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған.

– Шерзат Полат қайтыс болған соң жәбірленуші тарап бірден жүйелі ойластырылған және жоспарланған әрекеттерге барды. Өз мақсатына жету үшін олар түрлі құралдарды, атап айтқанда, әлеуметтік желі, тыйым салынған психологиялық тәсілдерді пайдаланды, тіпті кейде ашық арандатушылыққа да көшті. Бірнеше рет тәртіпсіздікке шақырды, жалған ақпарат таратылды, пышақ ұстаған адам қаһарман болып көрсетілді. Марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сол қайғылы оқиға болған түні екі рет пышақпен адамдарға шабуыл жасады, – деген Egov.Press телеграм арнасында жарияланған видеода өзін Бауыржан деп таныстырған ер адам.

Осылайша, үндеуде сотталғандардың туған-туыстары Президенттен Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жәбірленуші тараптың әрекеттерін толық, нақты және мұқият тексеруге тапсырма беруді сұраған.

Олар "мұндай әрекет қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты бұзады" деп санайды.