Шалқарда саябақта жүрген бала тоққа түсті

0
118

Тоқтан сол жақ беті күйіп қалды.


Шалқарда саябақта жүрген бала тоққа түсті

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Шалқар қаласында шағын саябақта тоққа түскен бала жансақтау бөліміне жатқызылды, деп жазады sputnik.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, 19 маусым күні түнде Шалқар аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 10 жастағы ер бала түсті.
"Ол Шалқар қаласы І.Үргенішбаев көшесінің бойында орналасқан ескерткіштің қоршауындағы жарық шамына өрмелеп мініп, ойнап жүрген кезде тоққа түсіп қалған. Оны жедел жәрдем көмегімен Шалқар ауданы ауруханасына жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен", - дейді облыстық әкімдік мамандары.
Бүгін дәрігерлердің шешімімен баланы санавиация арқылы Ақтөбе қаласындағы көпсалалық облыстық балалар ауруханасына жеткізді.
"Бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр. Салалық мамандардың қатысуымен консилиум өткізілді", - деді дәрігерлер.
Бала қатты шок алған. Тоқтан сол жақ беті күйіп қалды.